Қостанай облысының тұрғыны әйелін шынжырлап ұстаған

Қостанай облысының тұрғыны әйелін шынжырлап ұстаған

Қостанай облысының тұрғыны әйелін шынжырлап ұстаған
ашық дереккөзі
Оқиға Қостанай ауданында болған деп хабарлады turkystan.kz alau.kz-ке сілтеме жасап. Ақпаратты Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі растады. Аудандық полиция бөліміне Тобыл қаласында тұратын 44 жастағы әйел күйеуінің үстінен шағымданған. Күйеуі оның аяғын шынжырлап, жылыту батареясына байлап тастаған. Оның айтуынша, оқиға отбасылық жанжалдан туындаған. Сөйтіп ол таң атқанша отырған. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы («Заңсыз бас бостандығынан айыру») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат әйелінің ішімдік ішкенін түсіндірді. Сондықтан оны түнде кетіп қалмасын деп байлап қойған. Тағы оқи отырыңыз: Ресейліктер Қостанайдан жаппай көлік сатып алып жатыр – БАҚ