Жапон футболшысы 55 жасында жастармен «жағаласып» жүр

Жапон футболшысы 55 жасында жастармен «жағаласып» жүр

Жапон футболшысы 55 жасында жастармен «жағаласып» жүр
ашық дереккөзі
Жапон футболшысы Казуеши Миура 55 жасында доп теуіп жүр деп хабарлады turkystan.kz. betnbet.ru сайтына сілтеме жасап. Бірақ ол Жапонияның J лигасында емес, төртінші дивизиондағы «Судзуки Пойнт Джеттерс» клубында ойнап жатыр. Ол 37 жылдан бері кәсіби спортпен айналысып келеді. Әзірше жер жүзінде жапонмен 55 жасында иық теңестіріп ойнап жатқан ешкім жоқ. Былтыр «Фаэтано» клубының сапында Сан-Марионның чемпионатында ойнаған Марко Спадации деген қақпашы қолғаптарын 50 жасқа келіп бір-ақ шешкен болатын. Ал біздің елде «Тобыл» (Қостанай) клубының қақпашысы Александр Мокин 41 жасында жасыл алаңға шығып жүр. Ақмоланың «Целинник» командасында мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтың немере інісі Сәлім Тәшенов 40 жасына дейін ойнаған (1996).
«Марқұм шабуылшы біздің өңірдің жарқын жұлдызы еді», - деп еске алады астананың байрығы тұрғыны, спорт менеджері Ардақ Тоғымов.