Матч кезінде атақты футболшының үйін тонап кетті

Матч кезінде атақты футболшының үйін тонап кетті

Матч кезінде атақты футболшының үйін тонап кетті
ашық дереккөзі
«Манчестер Юнайтед» футбол клубының жартылай қорғаушысы Поль Погбаның чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Атлетикоға» қарсы ойында жүргенін пайдаланған қарақшылар үйін тонап кетті деп жазды turkystan.kz. Оқиға кезінде үйде футболшының балалары болған.
«Ол кезде балаларымыз қалың ұйқыда жатқан еді. Ұрылар үйге кіріп, айналдырған 5 минуттың ішінде құнды заттарды тонап кеткен. Тіпті, отбасымыз үшін бағасыз, олар үшін құнсыз дүниені де қалдырмағаны өкінішті. Бұл жағдай испаниялық «Атлетико» футбол клубына қарсы өтіп жатқан ойынның соңғы минуттарында болған. Келіншегім екеуміз сол сәтте үйге қатты асықтық. Біз үшін балалардың қауіпсіздігі маңызды. Сол үшін де қандай да бір ақпарат берген адамға ойдағыдай сыйақы ұсынамын» деп жазды футболшы Twitter-дегі жазбасында.
Тағы оқи отырыңыз: «Сіздерге бәрібір!»: қазақ футболшылары сапалы стадионда ойнағысы келеді