Жаңалықтар

Шымкент ХҚКО-дағы дүрбелең жұртшылықтың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Шымкент ХҚКО-дағы дүрбелең жұртшылықтың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Желі қолданушылары Шымкент қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болған дүрбелеңді қызу талқылап жатыр деп жазды turkystan.kz. Нақты айтқанда, әлеуметтік желіде Халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының қақпасы ашыла салып, жапа-тармағай есікке ұмтылған жұрт түсірілген видео пайда болды. Кезекке ұмтылған көпшіліктің, тіпті, қоршаудан секіріп жатқаны көрінеді.