Украинадағы соғыста 20 күн ішінде 7 мыңнан астам Ресей әскері қаза тапқан

Украинадағы соғыста 20 күн ішінде 7 мыңнан астам Ресей әскері қаза тапқан

Украинадағы соғыста 20 күн ішінде 7 мыңнан астам Ресей әскері қаза тапқан
ашық дереккөзі
Бұл Ирак пен Ауғанстандағы соғыс кезінде 20 жыл ішінде қаза тапқан Америка сарбаздарының жалпы санынан да көп. Бұл туралы turkystan.kz The New York Times газетіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Америкалық барлау қызметінің мәліметінше, соғыс барысында 21 мыңға жуық ресейлік сарбаз жарақат алған. Ресейден соғысқа барған әскери қызметкерлердің жалпы саны - 150 мыңнан астам. The New York Times қаза тапқандар жайлы мәліметтер нақты болмауы мүмкін екенін ескертті. Олар жариялаған ақпарат БАҚ-қа, спутниктік суреттерге, оққа ұшқан ресейлік сарбаздар мен техника суреттеріне, сондай-ақ тараптардың ресми деректеріне сүйене отырып жасалған. Ресейдің Қорғаныс министрлігі қаза тапқан ресейлік әскери қызметкерлер жайлы соғыс басталғаннан бері бір-ақ рет ресми түрде хабарлаған. 2 наурызда Украинада 498 ресейлік әскери қызметкер көз жұмып, тағы 1597 әскери жарақат алды деп мәлімдеді. Украина тарапынан жарияланған соңғы дерек бойынша, Ресей армиясы 13,8 мың әскерін жоғалтқан. Бірақ бұл тізімде тек қаза тапқандар ма, әлде жараланғандар мен тұтқындар да енген бе, белгісіз. Бұған дейін Украина билігі соғыс барысында төрт ресейлік генералдың қайтыс болғанын мәлімдеген болатын.