Жаңалықтар

Ресей Украинамен келіссөзде аяқ тарта бастады

ашық дереккөзі

Ресей Украинамен келіссөзде аяқ тарта бастады

Украина Ресеймен келіссөз жүргізуде басымдық ала бастады деп хабарлады turkystan.kz «Украинская правда» порталына сілтеме жасап. Бұқаралық ақпарат құралдары Украина мен Ресейдің 15 тармақтан тұратын бейбіт келісімі раундтарындағы жайдайды талдай келіп, таразы басының украин тарапына ауа бастағанын айтуда. Бұл тармақтардың ең бастылары Киев үшін НАТО-ға кіру талабынан бас тартуы болса, Мәскеу үшін Ресей әскерлері 24 ақпанда басып кіргеннен бері жаулап алған барлық территориясын босатуы болып отыр. Дегенмен, мәселенің Зеленский мен Путиннің кездесуінде ғана шешілетіні сөзсіз. Қазір екі жақтың келіссөз жүргізсе де қарулы қақтығысты тоқтата алмай жатқанын көріп отырмыз.