«Дикий Арманның» адвокаты полиция генералына алғыс айтты

«Дикий Арманның» адвокаты полиция генералына алғыс айтты

«Дикий Арманның» адвокаты полиция генералына алғыс айтты
ашық дереккөзі
Қылмыскер Арман Жұмагелдиевтің адвокаты Евгений Яворский Түркістан облысының бас полицейіне алғыс білдірді деп жазды turkystan.kz. Адвокат Instagram-дағы парақшасында облыстық Полиция департаментінің жаңа бастығымен түскен суретін жариялады. Фотодан Евгений Яворский мен генерал Мұрат Қабденовтің қол алысып тұрған сәтін көруге болады. Автор өз жазбасында заңсыз балық аулайтындардың әрекетін сөз еткен. Ол бұған дейін де Түркістан облысы, Шардара ауданындағы браконьерлік туралы жазған болатын.
«Бәріміз бір адамдай табиғатқа қамқорлық жасайық. Егер сіздердің браконьерлікпен айналысатын жақындарыңыз немесе достарыңыз болса, оларды райынан қайтаруға тырысыңыздар. Қазақстанда браконьерлік үшін жаза күшейтілгенін еске саламын. Осы мәселеге ерекше мән беретін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал Мұрат Қабденовке ерекше алғысымды білдіргім келеді» деп жазды адвокат.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Евгений Яворский - Адвокат (@yavorskiy.advokat)