Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының қашан басталатыны белгілі болды

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының қашан басталатыны белгілі болды

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының қашан басталатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы алдағы сәуір айының соңына дейін іске қосылады деп жазды turkystan.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталмыш министрлік Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен қазақстандықтардың жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөлік сатып алуы, сондай-ақ автобустар паркін жаңарту бағдарламасын әзірлеуде. Ведомство ақпаратынша, биыл бағдарлама 100 миллиард теңгеге қаржыландырылмақ. Өңірлерде автобустарды жаңартуға 30 миллиард теңге бөлінеді.
«Қазір мемлекеттік органдарда отандық зауыттарда шығарылған техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімді аяқтау жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша бастапқы жарна қажет емес. Несие мерзімі – 7 жылға дейін. Бір көлік үшін несие сомасы 10 миллион теңгеден аспайды.