«Қапшағайды Қонаевтың есімімен атауды көпшілік қолдайды» - Талғат Ешенқұлов

«Қапшағайды Қонаевтың есімімен атауды көпшілік қолдайды» - Талғат Ешенқұлов

«Қапшағайды Қонаевтың есімімен атауды көпшілік қолдайды» - Талғат Ешенқұлов
ашық дереккөзі
Жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған батыл қадам болмақ. Мемлекет басшысының Жолдауына орай, М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Талғат Ешенқұлов осындай пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, халық осыны күтіп отыр. Өйткені, жұрт жадағай жалаулатқан науқандық жұмыстардан шаршады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, барлық саладағы тоқырау тығырыққа тіреді. Ел ертеңге сенуден қалды.
«Жалпы, мемлекеттің саяи-әлеуметтік жүйесіне өзгеріс көптен қажет еді. Басқару тетіктеріне де жаңа талаптар енгізу керек болды. Көпшілік нәтижесіз іс-шаралардан әбден шаршады. Орындалмайтын уәделер үмітсіздікке әкеліп соқты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы» атты Жолдауында осыған айрықша тоқталды. Жаңа Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған Мемлекет басшысы бұл өзгерістер жұртқа жақсы көріну үшін жасалмайтынын атап өтті. Президент қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кеткенін ашық айтты. «Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе», - деді Президент. Сонымен, жұрт күткен жаңа реформалар елдегі басқару жүйесіне қандай өзгерістер әкеледі, соның маңызды бірнеше қадамдарына тоқталсақ. Мемлекет басшысы алдымен, бұған дейін қалыптасқан «барлық іс Президенттің араласуымен шешіледі» деген қағиданы өзгерту қажеттегін баса айтты. Жасыратыны жоқ, қоғам демократия үдерістеріне сай, Президенттік-парламенттік басқару жүйесінің іс жүзіндегі шынайы бейнесін қалыптастыратын осындай кесімді сөзді ұзақ күтті. Бұл бетбұрыс Парламенттің рөлі күшейетінін көрсетеді. Негізі, елде жүргізілетін саяси реформаның қарапайым формуласы мынадай: Күшті Президент, ықпалды Парламент, еститін Үкімет. Ендігі мәселе – осы жүйенің жұмысын жүйелі етуде жатыр. Мемлекет басшысы «Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет» деп атап өтті. Сол үшін Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынды. Бұл – өзгерістердің сөз жүзінде қалмайтындығының көрінісі. Өңірлерде азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттардың да мәртебесін көтеру керек екендігі айқын нәрсе. Мемлекет басшысы әр деңгейдегі мәслихаттардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізуді ұсынды. «Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын», - деді Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында. Жаңа реформада тізбекті түрде өзара өзгеріске бастайтын – жаңа қайта құрулар бар екенін атап өткен жөн. Ал бетбұрыстардың негізгісі – өңірлердегі диспропорцияны жою мақсатында қабылданған шешімдер. Атап айтсақ, бірнеше жаңа облыстың құрылатындығы. Тарихымызды танытар Ұлытау даласының енді бір өңірге айналатыны, Абай атындағы облыстың пайда болатыны – жұрт құптайтын бастамалар. Жетісулықтардың көкейінде жүрген облыс орталығының шалғайлығы туралы мәселе де шешімін табатын болды. Ең бастысы, Алматы облысының орталығы – Қапшағайды ұлттың арда ұлы Дінмұхамед Қонаевтың есімімен атауды көпшілік қуана қолдайтынына сенім мол. Қолдаймыз, қуаттаймыз!» - деді Талғат Ешанқұлов.