Жаңалықтар

Қызылордада халықаралық ақындар айтысы өтті

ашық дереккөзі

Қызылордада халықаралық ақындар айтысы өтті

Қызылордада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Әділқазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлде және Volkswagen жеңіл автокөлігі Мұхтар Ниязовқа берілді. Бірінші орын және «Лада» автокөлігін Қытайдан келген ақын Ұларбек Минатхан жеңіп алды.  Екінші орын және 700 мың теңге елордалық айтыскерлер Сара Тоқтамысова мен Серікзат Дүйсенғазинге берілді. Үшінші орын және 500 мың теңгені қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан мен қарағандылық Дидар Қамиев иеленді. Қытайдан келген айтыскер Ерлан Аманқожа, Моңғолия қазақтары Ерлан Дәулет пен Серік Қуанған, Мақсат Аханов (Қарағанды),  Болатбек Оразбаев (Алматы), Айтбек Тұрсынбаев (Тараз), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар) және Қалижан Білдәшев (Шымкент) 150 мың теңгеден  ынталандыру сыйақысына ие болды. Қырғызстаннан келген ақындар Элмирбек Иманәлиев пен Асылбек Маратқа 400 мың теңгеден арнайы сыйақы және Манас батырдың күріштен жасалған картинасы табысталды.