Жаңалықтар

Елордалық балабақшалардағы ай сайынғы төлемақы қымбаттауы мүмкін

Елордалық балабақшалардағы ай сайынғы төлемақы қымбаттауы мүмкін

Нұр-Сұлтан қаласында балабақшалардағы ай сайынғы төлемақының мөлшері қайта қаралады. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев хабарлады деп жазды turkystan.kz.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы ұлттық Кәсіпкерлер палатасы және қалалық Білім басқармасының ұйытқы болуымен елорда мектептері, балабақшаларында қосымша орынның қажеттілігі және білім беру ұйымдарының басқа да проблемаларына арналған отырыс өтті. Бұл шарада елордалық жеке балабақшалардың өкілдері ата-аналар төлейтін ақының аздығын айтып, мәселені ортаға салды. Оған қатысты қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев пікір білдірді.

Басқарма басшысының айтуынша, құжат дайын болған соң қоғам талқысына, одан әрі қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылады. Егер жаңа құжат мақұлданған жағдайда баға өзгереді. Бірақ бұл жаңалық мемлекеттік балабақшаға ғана қатысты. Ал жеке балабақша бойынша мәселе бөлек қарастырылатын болады.