Оралда апатқа байланысты 13 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды

16 наурыз, 2022 / Дария Інкаш
ашық дереккөзі
Оралда апатқа байланысты 13 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды Оралда апат салдарынан 13 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды деп хабарлады  turkystan.kz mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
«16 наурызда Деркөл ауылында электр қуатының ішінара апаттық өшірілуі болды. 13 699 абонент электр қуатынсыз қалды. Оқиға орнына жедел бригада жөнелтіліп, қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады «Батыс Қазақстан» АЭК.
Хабарламада электр энергиясының қашан толық қалпына келтірілетіні жайлы нақтыланбаған.