Дархан Нортаев - әлем чемпионы

Дархан Нортаев - әлем чемпионы

Дархан Нортаев - әлем чемпионы
ашық дереккөзі
Cпорттың бұл түрінен алғашқы алтынды қоржынға 56 келі салмақ дәрежесінде файтинг-жүйеде Франция құрамасының спортшысымен айқасқан Елдос Қабденов салса, кеше Польшаның Ворцлав қаласында өтіп жатқан  джиу-джитсудан қазақстандық Дархан Нортаев та әлем чемпионы атанды. Жартылай финалда колумбиялықпен белдескен Дархан Нортаев финалда отандасы Қуандық Қонысовпен кездесті. JJIF әлемдік аренасының тарихында алғаш рет екі қазақстандық финалға шығып, бір-бірімен белдесті. Қорытынды есепте Дархан Нортаев алтын алып, Қуандық Қонысов күміске ие болды. Әлем чемпионатының екінші күнінде жеке және жалпы командалық есепте 46 елден 2000 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 1 күміс бар.