Жанболат Мамай екі айға қамалды

Жанболат Мамай екі айға қамалды

Жанболат Мамай екі айға қамалды
ашық дереккөзі
Жанболат Мамай Қылмыстық кодекстің 378-бабы, 2-бөлігі («Билік өкілін қорлау») және 274-бабының 2-бөлігі («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша күдікті деп танылды. Қазір оған Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
«Тергеушінің өтініші бойынша сот азамат Ж. Мамайды екі ай мерзімге қамауға алуға рұқсат берді. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу қатаң түрде объективті, толық және жан-жақтылық принциптерге сәйкес жүзеге асырылуда», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Жанболат Мамай Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктерге және жалған ақпарат таратуға байланысты екі қылмыстық іс бойынша тергеуге алынған еді. Ол «Алматы плаза» маңындағы митингті ұйымдастырған. Бастапқыда қорғаныс құқығына ие оқиға куәгері мәртебесінде болып, бірақ кейінірек күдікті деп танылды.