AMANAT партиясы Президент Жолдауына байланысты мәлімдеме жасады

AMANAT партиясы Президент Жолдауына байланысты мәлімдеме жасады

AMANAT партиясы Президент Жолдауына байланысты мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Мемлекет басшысы – партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау үшін барлық өңірдегі партия активімен бейнеконференция байланысы арқылы кеңес өткізді деп хабарлады turkystan.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында Асхат Оралов Президенттің реформалары мен бағытын қолдайтын AMANAT партиясының мәлімдемесін жариялады. Мәлімдемеде биыл қасіретті қаңтар оқиғасын бастан кешкен Қазақстан халқы сын сағатта жұдырықтай жұмылып, радикализм мен экстремизмді қолдамай, прогресс пен игі өзгерістер жалғасын табуын қалағаны айтылды.
«Еліміз дамудың жаңа кезеңіне – Жаңа Қазақстанға аяқ басты. Бұл біздің сан ғасырлық терең тарихымыздағы бетбұрысты және тағдыршешті сәт. Мұндай жағдайда сындарлы өзгерістер мен эволюциялық жаңғыру ғана қиындықтарды еңсеріп, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Ел мен халық алдында тарихи жауапкершілік алған Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, елімізді саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды реформалар жоспарын ұсынды», - деді Атқарушы хатшы.
Ол АMАNАТ партиясы Президенттің жүйелі және кең ауқымды реформаларын толығымен қолдайтынын атап өтті. Осылайша, Мемлекет басшысының реформалары аясында партия өзгерістерді өзінен бастап, ішкі трансформацияны қолға алды.
«Біз реформалар бағытына балама жоқ екеніне сенімдіміз. Саяси либерализация және әлеуметтік әділеттілік – бұл азаматтардың өтініштеріне дер кезінде берілген жауап. Біз барша қазақстандықтарды бірлік пен ынтымаққа, барлық қоғамдық-саяси күштерді топтасуға шақырамыз. Біздің бірлігіміз нығайғанда ғана Тәуелсіздік пен Мемлекеттілікті берік етіп, ортақ Отанымыз бен барлық азаматтардың әл-ауқатын арттыра аламыз!», - деп атап өтті Асхат Оралов.
Республикалық жиын барысында бүгін Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған шараларды іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы өткен жиында Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстық филиалдарының атқарушы хатшылары Мұрат Мұқаев пен Бекзат Алтынбеков, Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Гүлнәр Тойлыбаева, Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева және Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Айгүл Байжанова сөз сөйледі. Олар Президент жүйелі проблемалармен күресудің нақты тиімді тетіктерін ұсынғанын атап өтті. Мемлекет басшысының саяси бастамалары елді одан әрі дамыту және қоғамдық келісімді нығайту үшін өзгерістер жасаудың маңызды әрі өзекті екенін көрсетеді. Тағы оқи отырыңыз: Партияларды тіркеу рәсімдері жеңілдейді