Пак Кын Хенің импичменті 2 желтоқсанда дауысқа салынуы мүмкін

Пак Кын Хенің импичменті 2 желтоқсанда дауысқа салынуы мүмкін

Пак Кын Хенің импичменті 2 желтоқсанда дауысқа салынуы мүмкін
ашық дереккөзі

         Оңтүстік Корея оппозициясы 2 желтоқсан күні ел президенті Пак Кын Хенің импичментін парламентте дауысқа салуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде бүгін мемлекеттегі екі ірі оппозициялық күш – «Тобуро» демократиялық партиясы мен Халықтық партия өкілдері хабарлады.

         «Сәрсенбі күні біз импичмент жөніндегі заң жобасының соңғы нұсқасын дайындап, парламент талқылауына ұсынамыз. Құжат бойынша дауыс беру жұма күні өтеді деп болжап отырмыз», – делінген мәлімдемеде.

Президентті биліктен аластатуға «Пак Кын Хенің конституция талаптарын өрескел бұзғаны», сондай-ақ, «парақорлық, билікті асыра пайдаланғаны және мемлекеттік құпияны жария еткені» себеп болған.

Realmeter әлеуметтік қызметінің хабарлауынша, президент төңірегінде парақорлық жөнінде шу шыққалы мемлекетті билеуші "Сэнури" партиясын халықтық қолдау деңгейі 2,8 пайыздық сатыға төмендеп, 16,2 пайызға жеткен.  Есесіне оппозициялық партияны қолдаушылар саны артқан. "Тобуро" партиясын халықтық қолдау деңгейі 2,5 пайыздық сатыға жоғарылап, 33 пайызға жетті.