«Бұндай тәжірибеден кету керек»: Президент пен әкімдер партияға мүше болмайды

«Бұндай тәжірибеден кету керек»: Президент пен әкімдер партияға мүше болмайды

«Бұндай тәжірибеден кету керек»: Президент пен әкімдер партияға мүше болмайды
ашық дереккөзі
Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір бәрі дерлік Президентке бағынған және бұл – теріс нәрсе. Біртіндеп бұндай тәжірибеден кету керек. Мен үшін мемлекеттің ұзақмерзімді мүддесі биліктегі қосымша бір үстемдіктен артық. Сондықтан Президент сайланған мерзімі ішінде партияға мүше болмасын деген өзгеріс енгізуді ұсынамын. Бұл саяси бәсекелестікті күшейтіп, барлық партиялардың дамуына жағдай жасайды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Президент заңға тиісті өзгеріс енгізе отырып, енді әкімдер мен олардың орынбасарлары партия филиалдарын басқаруды тоқтатуы керек деді. Әкімдертен тыс, енді Есеп комитетінің төрағасы, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сияқты өте маңызды қызмет атқаратын адамдар да партияға мүше болмайды деді.