«Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын» - Тоқаев

«Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын» - Тоқаев

«Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын» - Тоқаев
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық құрылтай құруды ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз дала демократиясының бастауын жалғастыруымыз керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды ұлттық құрылтай құруды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол жаңа құрылымның қызметі мемлекеттік деңгейде болатынын айтты.
«Құрылтай - қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруы тиіс. Сөйтіп, билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі қоғамдық кеңестің бәрін өз айналасына топтастырады. Ұлттық құрылтайдың құрамында барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ оған Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясы, азаматтық альянс, қоғамдық кеңес пен ұйымдардың мүшелері, мемлекет және қоғам қайраткерлері кіруі керек», - деді ол.