Жаңалықтар

«Президенттің өкілеттілігі уақыт өте келе қысқарады» - Мемлекет басшысы

ашық дереккөзі

«Президенттің өкілеттілігі уақыт өте келе қысқарады» - Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыру керектігін айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Біз Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруымыз керек. Сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтамыз. Шын мәнінде елімізде өкілді билік тармағы мықты болуы қажет. Халықтың сенім мандатына ие болған депутаттарға жоғары жауапкершілік жүктеледі. Олар мемлекетімізді өркендету ісіне белсене атсалысуы тиіс», - деді Президент.