«Қаңтар оқиғаларына тиісті баға беру керек» - Президент

«Қаңтар оқиғаларына тиісті баға беру керек» - Президент

«Қаңтар оқиғаларына тиісті баға беру керек» - Президент
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғаларына тиісті баға берудің маңыздылығын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Ашығын айтсақ, қазір қоғамда түрлі қауесет тарауда. Бұл жағдай жалған түсіністік қалыптастырып, елді адастырады. Сондықтан қаңтар оқиғалары туралы нақты мәліметті жариялап, оған баға беру өте маңызды. Жұрт оның астарына үңіліп, себебін терең түсінуі қажет», - деді Президент.
Сонымен бірге ол қаңтар оқиғасына әділ баға беруге ең алдымен биліктің мүдделі екенін көрсететінін атап өтті.
«Біз ақиқатты айтуымыз керек. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы мәселемен арнайы мекемеаралық шұғыл тергеу тобы айналысуда. Құқық қорғау органдарына жасалып жатқан жұмыс нәтижесін үнемі жариялап отыруды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.