«Сатқындар құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуі тиіс» – Президент

«Сатқындар құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуі тиіс» – Президент

«Сатқындар құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуі тиіс» – Президент
ашық дереккөзі
Президент «Қаңтар оқиғасы» кезінде жоғары лауазым иелерінің мемлекетке сатқындық жасағанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді», - деді Президент Жолдауында.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев сатқындардың опасыздығы жайлы да айтты.
«Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді», - деді Мемлекет басшысы.