Автобус жүргізушісі жарымжан жанды қағып, қашып кетті

Автобус жүргізушісі жарымжан жанды қағып, қашып кетті

Автобус жүргізушісі жарымжан жанды қағып, қашып кетті
ашық дереккөзі
2022 жылдың ақпан айында Павлодар облысына қарасты Жетекші кентінде Ankai маркалы автобустың 59 жастағы жүргізушісі 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 
«Салдарынан екінші топтағы мүгедек ауыл тұрғыны жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бейнекамералардан жазбалар зерттелді. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері 59 жастағы жүргізушіні анықтап, ұстады», - деді департамент өкілі.
Құрықталған ер адам жауапкершіліктен қорыққанын айтқан. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 347-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тағы оқи отырыңыз: Павлодар облысында мектеп оқушысы есінен танғанша соққыға жығылған