Атырау қаласындағы атыстың видеосы жарияланды

Атырау қаласындағы атыстың видеосы жарияланды

Атырау қаласындағы атыстың видеосы жарияланды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Атыраудағы атыстың видеосы пайда болды. Атыс салдарынан 3 адам қаза тапқан еді деп жазды turkystan.kz. Қайғылы оқиғаның кадрлары Telegram-да жарияланды. Видеодан жол жиегіне тоқтаған автокөлікке белгісіз ер адамның жақындағанын көруге болады. Содан кейін ол бірнеше қимыл жасап, көліктен қаша жөнелген. Атырау облысы полицейлерінің айтуынша, куәгерлер кадрларды оқиға орнында түсірген. Айта кетсек, оқыс оқиға 15 наурызда, кешкі сағат 22.10-да болған. Атыс салдарынан 3 адам қаза тауып, тағы біреуі оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Жедел жұмыстар барысында қылмыс жасады деген күдікпен 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы ұсталды.