Дәурен Абаев тағы да бірнеше мекеме басшысын ауыстырды

Дәурен Абаев тағы да бірнеше мекеме басшысын ауыстырды

Дәурен Абаев тағы да бірнеше мекеме басшысын ауыстырды
ашық дереккөзі
Мәдениет және спорт министрлігінің бірқатар бағынысты ұйымдарының басшылары тағайындалды. Бұл туралы министр Дәурен Абаев мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
- Рашида Харипова​ – «Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайы» РМҚК директоры;
- Фатима Жұмағұлова – «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» РМҚК директоры;
- Елена Ким – «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» РМҚК директоры;
- Тайыр Қаратаев – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры» РМҚК директоры;
- Мәулен Садықбеков – «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорығының директоры;
- Дилмұрат Бахаров – «Құдыс Қожамияров атындағы мемлекеттік Республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
«Жаңадан тағайындалған мекеме басшыларына табысты әрі жемісті қызмет тілеймін! Бұған дейін басшылық жасап келген азаматтарға саланы дамыту ісіне сіңірген елеулі еңбегі үшін алғыс айтамын» деп жазды министр әлеуметтік желіде.

Тағы оқи отырыңыз: Дәурен Абаев бірнеше театрдың директорларын ауыстырды