Түнде Атырауда үш адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Түнде Атырауда үш адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

Түнде Атырауда үш адамды атып өлтірген күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Бүгінгі түнде Атыраудың «Авангард» шағынауданында атыс болған еді. Енді бұл атыстың мән-жайы анықталды деп жазды turkystan.kz «Прикаспийская коммуна» басылымына сілтеме жасап.
«15 наурыз, кешкі 22.10-да Атырау қаласының аумағында атыс болды. Тапаншадан атылған оқтан 1995 және 1999 жылы туған екі ер адам қаза тапты, тағы біреуі - 1995 жылы туған азамат оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жедел жұмыстар барысында оқиға орнында 1999 жылы туған ер адамның тағы бір мәйіті табылды», - деп хабарлады полиция өкілдері.
Қалалық Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталған.
«Қылмыс жасады деген күдікпен 1993 жылы туған Маңғыстау облысының тумасы анықталып, ұсталды. Оқиға жеке келіспеушіліктен болған. Қазір ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген департамент таратқан хабарламада.
Атыс кезінде күдікті «Калашников» автоматынан оқ жаудырды деген ақпарат расталмаған. Айта кетсек, бұған дейін шаһарда 3 адамның оқ тиіп қаза тапқаны, тағы біреуі жараланғаны хабарланған болатын. Ал күдікті тәртіп сақшылары келгенше оқиға орнынан қашып кеткен.