Жаңалықтар

Атырауда атыс болып, бірнеше адам қаза тапты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Атырауда атыс болып, бірнеше адам қаза тапты (ВИДЕО)

Атырауда атыстан үш адам мерт болып, біреуі ауруханаға түсті деп хабарлады turkystan.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағынауданындағы аялдамада атыс болған. Атыстың салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап тұр. Атыстың себебі анықталып жатыр.