ҰҚК 1,5 млн долларға басшылық қызмет ұсынған алаяқтарды ұстады

ҰҚК 1,5 млн долларға басшылық қызмет ұсынған алаяқтарды ұстады

ҰҚК 1,5 млн долларға басшылық қызмет ұсынған алаяқтарды ұстады
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қалалық полициясы, ҰҚК-нің Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерімен бірлесіп, аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа күдікті адамдар тобын ұстады деп хабарлады turkystan.kz. Өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері деп таныстырып, жоғары лауазымды адамдардың атын жамылған теріс пиғылдылар кәсіпкерге 1,5 млн АҚШ доллары сомасы үшін оны мемлекеттік құрылымдардың біріне басшылық лауазымға тағайындау мәселесін шешіп беруді ұсынған. Олар жалға алынған «премиум-класс» автомашиналарын пайдаланған және жалданған күзеттің ілесіп жүруімен астананың элиталық орындарында кездесулер өткізген.
«4 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында 30 млн теңге мөлшерінде ақшалай қаражаттың бір бөлігін беру кезінде топтың 3 қатысушысы және Ақтөбе мен Балқаш қалаларында тағы екеуі ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген ҰҚК-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.