«Бақытты қылса болды»: әнші арабқа тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты (ВИДЕО)

«Бақытты қылса болды»: әнші арабқа тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты (ВИДЕО)

«Бақытты қылса болды»: әнші арабқа тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әнші Гүлмира Ізбасханова өзге ұлттың жігітіне тұрмысқа шығуға қарсы еместігін ашып айтты деп жазды turkystan.kz.
«Мен, керісінше, қуанамын. Қазақтың қызын осылай алып жатқанына. Қазақстанда жігіттер аз, қыздар көп. Менің шашым қысқа, бірақ, шашы ұзын, қызыл дипломы бар құрбыларым бар. Әлі тұрмысқа шықпады олар. Біздің жігіттер шашы ұзын қыздарды жақсы көреді, менталитет сондай. Ал шетелдіктер бізге қарағанда дамыған. Шашы қысқа болса да, басқа болса да ала береді», - деді Гүлмира Ізбасханова.
«Шашы қысқа қызды алатын араб жігіті келсе, келісесіз бе?» деген сұраққа:
«Иә, келісемін. Мені араб жігіті бақытты қылса, неге шықпайды екенмін? Қазақ жігіті алса, мен не істеп жүрмін? Араб - мұсылман, сондықтан шыға беремін», - деді әнші.