Трамп: Сайлауда миллиондаған адам заңсыз дауыс берді

Трамп: Сайлауда миллиондаған адам заңсыз дауыс берді

Трамп: Сайлауда миллиондаған адам заңсыз дауыс берді
ашық дереккөзі
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп сайлауда миллиондаған адамның заңсыз дауыс бергенін мәлімдеді. Ол өз пікірімен Twitter-дегі парақшасында жариялады.   Өзінің сайлау алқасының дауыс беру нәтижесі бойынша жеңіске жеткенін атап өткен Трамп: «Заңсыз берілген миллиондаған дауысты есепке алсақ, мен бүкілхалықтық дауыс беру қорытындысы бойынша да жеңіске жеттім», – деп жазды ол. Бұған дейін сайлау алқасының таңдауы бойынша Трамптың 306 дауыс, ал Клинтонның 232 дауыс жинағаны хабарланған болатын. Дей тұрғанмен, Клинтонды 64 миллион америкалық, ал Трампты 62 миллион америкалық қолдаған. Алайда қарапайым ел тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша алынатын цифрлардың АҚШ-та шешуші күші жоқ: сайлаудың ресми әрі түпкілікті қорытындысын сайлау алқасындағы 538 таңдаушы дауыс беріп шығарады. Сайлауалды үгіт-насихат кезінде Трамп сайлау жүйесіндегі заңбұзушылықтар туралы жиі айтқан болатын. Қарсыластар бұл пікірді миллиардердің жеңіліске дайындалуы деп есептеген еді.