«Мәсімовпен мәселе бітпейді» - Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)

«Мәсімовпен мәселе бітпейді» - Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)

«Мәсімовпен мәселе бітпейді» - Мәжіліс депутаты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының мүшесі Қазыбек Иса Бас прокурорға «Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандар түгел анықталып, жауапқа тартылуы тиіс» деген депутаттық сауалын жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Онда депутат қаңтар қасіретіне байланысты бүкіл елдің ақиқаттың айтылуын күтіп отырғанын, мәселе қамауға алынған Мәсімовпен ғана біте қалмайтынын, мәнісі тым тереңде жатқанын айтты.
«Сондықтан барлық шындық ашық айтылғанда ғана ел билікке сенеді», - деді ол.
Бұл ретте депутаттың осы және басқа да биік мінберден айтқан сөздерінің бейнежазбасын ұсынуды жөн көрдік.