Жаңалықтар

Бердімұхамедов Түркіменстан президенті болып сайланды

ашық дереккөзі

Бердімұхамедов Түркіменстан президенті болып сайланды

12 наурызда Түркіменстанда болған кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысында Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сердар Бердімұхамедов ел Президенті болып сайланды деп хабарлады turkystan.kz. Ол халықтың 72,97 пайыз дауысын алды. Осы күні учаскелерге дауыс беруге халықтың 97,12 пайызы келген. Сердар Бердімұхамедов – бұрынғы Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұлы. Үйленген, 4 баласы бар. Жасы – 40-та.