СҚО-да көрші ауылға жаяу шыққан ер адамның жансыз денесі табылды

СҚО-да көрші ауылға жаяу шыққан ер адамның жансыз денесі табылды

СҚО-да көрші ауылға жаяу шыққан ер адамның жансыз денесі табылды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында түнде досынан шығып, көрші ауылға жаяу жетпек болған жігіт үсіп өлді. Іздестіру шаралары бір аптаға созылды деп жазды turkystan.kz. СҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл ауданы Александровка елді мекенінің 33 жастағы тұрғыны Александр Капелюктың мүрдесі 14 наурыз күні, кешкі сағат 19.30 шамасында Петровка елді мекенінен 10 шақырым жерден табылған. Бүріскен мүрдені жылқыларын іздеуге шыққан сол ауылдың жылқышысы бұталардың арасынан байқап қалған. Денеде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Еске сала кетсек, Александр 6 наурыз күні жоғалған болатын. Түнгі сағат 3.30 шамасында досының үйінен шығып кеткен жігіт із-түзсіз жоғалған. Оны іздеу шараларына 40 құтқарушы мен 10 арнайы техника, полицейлер, жергілікті билік өкілдері және Александрдың әріптестері жұмылдырылды.