Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті сайланды

Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті сайланды

Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті сайланды
ашық дереккөзі
«Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласында өткен XVII Съезінің қорытындысын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

Жиын барысында еліміздегі сәулет индустриясын дамытудың басты мәселелері талқыланған. Іс-шараға Сәулетшілер одағының филиалдары мен бастауыш ұйымдарынан 90 делегат қатысты.

Съезд кезінде бірлестіктің жаңа басқарушы құрамы сайланған. Одақтың басшысы лауазымына профессор, Халықаралық сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, КСРО және Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Серік Сұлтанғали тағайындалды.

Одақтың жаңа вице-президенттері болып құрметті құрылысшылар - Айдар Татығұлов пен Ғабит Садырбаев сайланды.

Сонымен қатар, тексеру комиссиясының құрамына Владимир Сидоров, Ержан Ахметов, Қалби Қошқарбаев, Төлетай Жарылғанов кірді.

Тағы оқи отырыңыз: Ұлттық экономика министрлігінде бірнеше тағайындау болды