Салтанатты тойхана Халыққа қызмет көрсету орталығына айналды (ВИДЕО)

Салтанатты тойхана Халыққа қызмет көрсету орталығына айналды (ВИДЕО)

Салтанатты тойхана Халыққа қызмет көрсету орталығына айналды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірі Құлжа тасжолы бойындағы үлкен тойханалардың біріне көшірілді деп жазды turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ХҚКО-ға айналған тойхананың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от kris_p_kaz | +21 Kaz🇰🇿 (@kris_p_kaz)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдерінің айтуынша, мамандандырылған №5 ХҚКО бұған дейін Жетісу базарының аумағында орналасқан ғимаратта жұмыс істеген.
«Ғимарат ескі және талапқа сай болмағандықтан тұтынушылардан шағым көп түсті. Сондықтан бұл орталықты Құлжа тасжолының бойында орналасқан ыңғайлы ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылданды. Жаңа ғимараттың 200 көлікке арналған тұрағы бар. Барлық санитарлық талаптар мен нормаларға сай. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған пандус бар. Ғимарат тегін жалға беріледі. Филиал тек коммуналдық шығындарды өтейді», - деп хабарлады мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі.