Вирусолог коронавирус пандемиясының аяқталатын уақытын айтты

Вирусолог коронавирус пандемиясының аяқталатын уақытын айтты

Вирусолог коронавирус пандемиясының аяқталатын уақытын айтты
ашық дереккөзі
COVID-19 індетін жұқтыру маусымға дейін төмендейді, содан кейін коронавирус пандемиясы аяқталуы мүмкін деп жазды turkystan.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Ресейде Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Альтштейннің айтуынша, пандемия аяқталатын күн алыс емес.
«Бүкіл әлемде COVID-19-ды жұқтыру фактілері азаюда. Атап айтқанда, қазір коронавирус жұқтырудың деңгейі екі жыл бұрынғы көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Ресейде індетке қарсы екпе алғандардың саны артуда. Адамдардың 50 пайыздан астамы вакцинацияланған. Ауырып шыққандар көп. Сондықтан көп ұзамай пандемия аяқталады деп сенемін. Менің ойымша, маусымға қарай індетті жұқтыру көрсеткіштері өте төмен болады», - деді Анатолий Альтштейн.