Илон Маск Владимир Путинді жекпе-жекке шақырды

Илон Маск Владимир Путинді жекпе-жекке шақырды

Илон Маск Владимир Путинді жекпе-жекке шақырды
ашық дереккөзі
Америкалық кәсіпкер Илон Маск Украинадағы жағдайларға байланысты Ресей Президенті Владимир Путинді төбелеске шақырды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мен Владимир Путинді жекпе-жекке шақырамын» деп жазды кәсіпкер Twitter-дегі парақшасына.
Сондай-ақ ол жазбасында Кремльдің ресми аккаунтын белгіледі. Бірақ Кремльдің баспасөз қызметі бұл ұсынысқа жауап қатпады. пост Кремльдің орнына Маскқа «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин жауап берді. Ол өзінің Twitter парақшасында ақын Александр Пушкиннің «Поп және оның жұмысшысы Балда туралы хикая» шығармасынан үзінді келтірген. Дмитрий Рогозин мысал арқылы Илон Масктің бәсекелесуге әлсіз екендігін тұспалдаған. Тағы оқи отырыңыз: Қытай Илон Масктың үстінен БҰҰ-ға шағымданды