Бозымбаев резиденциясын балаларды оңалту орталығына айналдыруды ұсынды

Бозымбаев резиденциясын балаларды оңалту орталығына айналдыруды ұсынды

Бозымбаев резиденциясын балаларды оңалту орталығына айналдыруды ұсынды
ашық дереккөзі
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Жаркент қаласындағы резиденциясынан бас тартты деп жазды turkystan.kz. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Панфилов ауданының тұрғындарымен кездесу өткізген Қанат Бозымбаев осындай мәлімдеме жасаған.
«Жаркент қаласында облыс әкімі резиденциясының жер көлемі – 1 гектар. Маған сол резиденцияның қажеті жоқ. Ауданда қонатын жап-жақсы қонақүйлер бар. Тамақты дәмді дайындайтын дәмханалар көп. Сондықтан резиденцияны балаларды оңалту орталығына өткізіп беремін. Бұл баласының өмір сүруі үшін әр сәтін күреспен өткізіп жатқан, ерекше балаларды бағып-қағып отырған ата-аналарға қажетті орталық болар еді деп ойлаймын», - деді облыс әкімі.
Айта кетсек, Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы 2013 жылы салынған. Бір қабатты ғимараттың көлемі – 910 шаршы метр. Жер аумағы – 1 гектар.