Арзан көлік алғысы келген cемейлік 4,2 млн теңгесінен айырылды

Арзан көлік алғысы келген cемейлік 4,2 млн теңгесінен айырылды

Арзан көлік алғысы келген cемейлік 4,2 млн теңгесінен айырылды
ашық дереккөзі
Семей қаласының тұрғыны алаяқ әйелге қомақты қаражатын беріп қойған. Сөйтіп, көлік те мінбеген, ақшасынан да қол үзген деп жазды turkystan.kz. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшыларына 38 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Айтуынша, бейтаныс әйел оған аукцион арқылы Hyundai Tucson маркалы автокөлікті сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Алайда 4 200 000 теңге қолына тиісімен алаяқ байланысты үзген.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Өскемен қаласының 35 жастағы жұмыссыз тұрғыны өз кінәсін мойындады. Әйел сол ақшаға өз үйін жөндеп, жаңа жиһаз сатып алған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігіне («Алаяқтық») сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.