Кәрім Мәсімов балалар үйіне сыйлық берді

Кәрім Мәсімов балалар үйіне сыйлық берді

Кәрім Мәсімов балалар үйіне сыйлық берді
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Астана қаласы балалар үйінің 30 жылдығын тойлауға арналған іс-шараға қатысты. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кәрім Мәсімов балалар үйін мерейтоймен құттықтап, тәлімгерлер ұжымына өзінің алғысы мен жылы лебізін жеткізді. Балалар үйінде тәрбиеленуші жеткіншек-бүлдіршіндерге ҰҚК жеке құрамы атынан сыйлықтар табыс етілді.     «Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балаларды және олардың құқықтарын қорғау мемлекеттің әлеуметтік дамуының басым бағыты ретінде айқындаған. Себебі балаларға қамқорлық көрсетіп, дұрыс тәрбие беру өз келешегімізге салынатын орасан зор инвестиция», -деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде ҰҚК төрағасы.