Серік Сәпиев төрт қыздан кейін ұлды болды

Серік Сәпиев төрт қыздан кейін ұлды болды

Серік Сәпиев төрт қыздан кейін ұлды болды
ашық дереккөзі
Бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиевтің бесінші сәбиі дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.  Боксшының зайыбы Мөлдір бесінші перзентін дүниеге әкелді. Осылайша, Сәпиевтер әулетінде төрт қыздан кейін ер бала өмір есігін ашты. Бұл ақпаратты қазақстандық жанкүйерлер өзара бөлісуде. Айта кетелік, Серік Сәпиев бірнеше жыл бойы бокстан Қазақстан командасының капитаны міндетін атқарды. Ол Лондондағы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 2005 және 2007 жылы өткен әлем чемпионаттарында топ жарған. Спорттан кеткен соң Сәпиев осы салада лауазымды қызметтерді атқарды.