Самат Әбіштің неге қамауға алынбағаны белгілі болды

Самат Әбіштің неге қамауға алынбағаны белгілі болды

Самат Әбіштің неге қамауға алынбағаны белгілі болды
ашық дереккөзі
Бас прокурор Берік Асылов Тұңғыш Президенттің немере інісі Самат Әбіш не себепті қамауға алынбағанын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қаңтар оқиғалары бойынша есеп берілді. Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура тергеу шараларын баяндап, соңғы мәліметтерді жариялады. Отырыстан кейін журналистер Бас прокурордан Ұлттық қауіпсіздік комитетінде басшылардың біразы ұсталса да, Самат Әбіштің қамауға алынбауының себебін сұрады.
«Қазіргі кезде Самат Әбішке қатысты ешқандай дәлел жоқ. Кәрім Мәсімов қамауға алынды. Оған Қылмыстық кодекстің сан алуан бабы бойынша айып тағылып отыр», - деді Берік Асылов.
Айта кетері, қаңтар оқиғаларынан кейін Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің ұсталғаны туралы алыпқашты әңгіме тарап кеткен болатын. Алайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ол ақпаратты жоққа шығарды. Артынан 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына шыққаны туралы мәлімет таратылды. Ал 17 қаңтарда комитеттің ресми сайтында Самат Әбіштің төрағаның орынбасары қызметінен босатылғаны туралы хабарлама жарияланды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қызметінен босатты. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ екі орынбасары – Әнуар Садықұлов ("А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожин ұсталды. Кейін Мәсімовтің тағы бір орынбасары Марат Өсіпов қамауға алынды.