Ресейде шеруге шыққан 1000 адам қамалды

Ресейде шеруге шыққан 1000 адам қамалды

Ресейде шеруге шыққан 1000 адам қамалды
ашық дереккөзі
Ресейде Украинадағы соғысқа қарсы шеруге шыққан мыңға жуық адам қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz. «ОВД-Инфо» агенттігінің деректеріне қарағанда, шерулер бір күннің ішінде федерацияның 38 қаласында болған. Мәскеуде Манеж алаңында өткен акцияда полиция, тіпті, көшеде кетіп бара жатқан әйелдерге дейін сүйреп әкеткен. Мұндай митингтер Белгород, Ижевск, Иркутск, Челябі, Екатеринбург, тағы көптеген қалаларда өткен. Акцияға жиналғандар Путиннің Украинадағы соғысына қарсылық білдірген.