Дәулет Кәрібек AMANAT партиясының Хатшысы болып тағайындалды

Дәулет Кәрібек AMANAT партиясының Хатшысы болып тағайындалды

Дәулет Кәрібек AMANAT партиясының Хатшысы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек AMANAT партиясының Хатшысы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен AMANAT партиясының Хатшысы болып Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек тағайындалды. Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы. 2009 жылдан бастап Jas Otan ЖҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды. 2019 жылы Jas Otan жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы және Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында істеді. Тағы оқи отырыңыз: AMANAT партиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары тағайындалды