Ақтауда көлікпен соқтығысқан БТР жүргізушісі жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Ақтауда көлікпен соқтығысқан БТР жүргізушісі жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Ақтауда көлікпен соқтығысқан БТР жүргізушісі жауапқа тартылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
11 наурызда болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі баяндап берді деп хабарлады turkystan.kz. Жеңіл көлік пен БТР-80 арнайы техникасының соқтығысуы шамамен сағат 17:30-да «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-не қарама-қарсы жолда болған.
«Арнайы техниканың жүргізушісі жылдамдықты төмендету шараларын қолданбай, Лада-21907 көлігімен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ», - деп түсіндірді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
БТР-80 арнайы техникасының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Оған құқықбұзушылық дәрежесіне қарай 20 немесе 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Тағы оқи отырыңыз: «Том мен Джерри»: Ақтаудағы қашқын жүргізуші талқыға түсті (ВИДЕО)