Жаңалықтар

Химия зауытында шыққан өрттен 7 адам қаза тапты

ашық дереккөзі

Химия зауытында шыққан өрттен 7 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданында орналасқан химия зауытында бүгін таңертең өрт шықты деп жазды turkystan.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт Баотоу қаласының Куньдулунь ауданында тұтанған. Өрт сөндірушілердің батыл қимылының нәтижесінде тілсіз жау бір сағаттың ішінде ауыздықталды. Ал таңғы 6.40-та із-түзсіз жоғалған деп тіркелген 7 адамның жансыз денесі табылды. Қазір апаттың себебін анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.