«Том мен Джерри»: Ақтаудағы қашқын жүргізуші талқыға түсті (ВИДЕО)

«Том мен Джерри»: Ақтаудағы қашқын жүргізуші талқыға түсті (ВИДЕО)

«Том мен Джерри»: Ақтаудағы қашқын жүргізуші талқыға түсті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтаудағы 17-ықшамауданда «Дукат» тұрғын үй кешенінің алдындағы жолда жұртты дүрліктірген оқиға болды деп жазды turkystan.kz. Бейнежазбада Lada Priora жүргізушісі кері бұрылмастан артқа қарай жоғары жылдамдықпен жүрген. Оны жаяу полиция қызметкері қуған. Көп ұзамай, қызметтік көлік те ізіне түседі. Бірақ Lada Priora жүргізушісінің әрекеті сәтсіз аяқталды. Ол көшедегі жарық бағанына соғылған. Полицейлер жүргізушінің мас халде рөлге отырғанын хабарлады. 38 жастағы ақтаулық тұрғынға жол ережесін өрескел бұзғаны үшін ҚР ҚК-нің 346-бабы, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір ол Ақтау қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторында жатыр. Айта кетсек, ол бұған дейін де жол ережесін бұзған. жол Мас жүргізушінің іс-әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Кейбір интернет қолданушылары оқиғаны «Форсаж» фильміне ұқсатса, енді бірі кадрдағы адамдарды «Том мен Джерри» мультфильмінің кейіпкерлеріне теңеген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Ақтау Қаласы Полиция Басқармасы (@up_aktau_polisia)

Тағы оқи отырыңыз: Ақтауда қатты желден көпқабатты үйдің қасбеті құлап, көліктер қирады