Ресейде Instagram әлеуметтік желісі бұғатталды

Ресейде Instagram әлеуметтік желісі бұғатталды

Ресейде Instagram әлеуметтік желісі бұғатталды
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап Ресей аумағында Instagram әлеуметтік желісінің жұмысына тыйым салынды. Бұл туралы киберқауіпсіздік пен интернетті басқаруды бақылайтын Netblocks ұйымы хабарлады деп жазды turkystan.kz. Netblocks мәлімдеуінше, «Роскомнадзор» телекоммуникациялық бақылау ұйымы 14 наурыздан бастап Ресейде Instagram желісін бұғаттау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ел аумағында желіні пайдалану толығымен шектелді. Интернет шектеулерін айналып өтетін VPN қызметтері арқылы жанама түрде қосылмаса, бұл желіге қосылуға басқа мүмкіндік жоқ. Басқа амалы қалмаған ресейліктер жаппай Павел Дуровтың Telegram-ына көшіп жатыр.