«Енді балабақшаларда бейнекамера қою міндеттеледі» – министр

«Енді балабақшаларда бейнекамера қою міндеттеледі» – министр

«Енді балабақшаларда бейнекамера қою міндеттеледі» – министр
ашық дереккөзі
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Еуразия бірінші» телеарнасының «Айна» бағдарламасына берген сұхбатында айтты деп жазды turkystan.kz. Министрдің айтуынша, шағын бизнес, балабақшаларды көбейту керек, оған ешқандай кедергі болмауы тиіс деген принциптің салдарынан мекемелердің талабы төмендетілген. Енді ол жаңа бұйрыққа қол қоятынын ескертті.
«Бұл - біздің бизнесіміз» деп жекеменшік балабақша басшылары біздің шешімімізбен келіспей жатыр. Әрине, елімізде бұл бизнестің дамығанын қолдаймыз. Бірақ біз бір мәселені түсінуіміз керек. Бізге не керек? Бізге балалардың сапалы білім мен сапалы тәрбие алғаны керек. Балалар қауіпсіз ортада өмір сүруі тиіс. Сондықтан біз балабақшалардағы талаптарды күшейтеміз. Барлық балабақшаларда міндетті түрде бейнекамера болуы керек», – деді Асхат Аймағамбетов.
Министр өткен жылдың соңында балабақшаларға тексеру жүргізу қайта қолға алынғанын айтады. Нәтижесінде балабақшалардың 80 пайызы тексерістен өте алмаған.