«Дикий Арман» және оның тобындағы 14 адам қамауда отыр» – Бас прокурор

«Дикий Арман» және оның тобындағы 14 адам қамауда отыр» – Бас прокурор

«Дикий Арман» және оның тобындағы 14 адам қамауда отыр» – Бас прокурор
ашық дереккөзі
Бас прокурор Берік Асылов «Қасіретті қаңтар» кезіне 766 күдікті тұтқындалғанын мәлімдеді.  Олардың басым бөлігі – жұмыссыз, жоғары білімі жоқ 30 жасқа дейінгі жастар деп жазды turkystan.kz.
«Олардың ішінде деструктивті діни ағымдардың 19 жақтаушысы, тыйым салынған экстремистік ұйымдардың 27 белсендісі, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі және 113 адам кісі өлтіргені, ұрлағаны, тонағаны және қарақшылық жасағаны үшін тұтқындалған. Мысалы, «Дикий Арман» деп аталатын Жұмагелдиев пен оның тобының 14 мүшесі қамауда. Мұндай адамдардың жоғалтатын ештеңесі болмады және олар әртүрлі қылмыстарға оңай барды. Олар дүкендерді қиратты, тонаумен айналысты, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасады», - деді Бас прокурор.
Тағы оқи отырыңыз: «Еліміздің 8 өңірінде 42 мемлекеттік орган ғимаратына залал келді» – Роман Скляр