«Президент шешуші әрекеттерімен мемлекетті сақтап қалды» – Айман Омарова

«Президент шешуші әрекеттерімен мемлекетті сақтап қалды» – Айман Омарова

«Президент шешуші әрекеттерімен мемлекетті сақтап қалды» – Айман Омарова
ашық дереккөзі
Құқық қорғаушы Айман Омарова «Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезіндегі Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін атап өтті деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, «Қаңтар оқиғасының» басты мақсаты билікті күшпен басып алу болған.
«Мемлекет басшысы ғана шешуші әрекетімен бейберекетсіздікті тоқтатып, мемлекетті сақтап қалды», - деді құқық қорғаушы Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде.
Сондай-ақ ол тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар Президенттен кек алмақ болғанын мәлімдеді.
«Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келіп, ҰҚСК құрылғаннан кейін саяси және басқа да реформалар жүргізіле бастады. Президент адам құқықтарына ерекше көңіл бөлді. Ал шексіз билікке ие, халықты үрейде ұстап келген ҰҚК үшін жағдай бақылаудан шыға бастады», - деді Айман Омарова.
Тағы оқи отырыңыз: Президент Амал мерекесімен құттықтады